75 жасында Mortal Kombat фильмінің жұлдызы, актер әрі продюсер Кэри-Хироюки Тагава дүниеден озды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
USA Today басылымының хабарлауынша, актер Санта-Барбарада қайтыс болған. Оның баспасөз хатшысының айтуынша, өлім себебі – инсульттен кейінгі асқыну.
IMDB-дегі мәліметтерге сүйенсек, Кэри-Хироюки Тагава 1950 жылғы 27 қыркүйекте Токиода америкалық әскери қызметші мен жапон актрисасының отбасында дүниеге келген. Әкесінің қызметіне байланысты отбасы жиі көшіп-қонып жүрген, актердің балалық шағы АҚШ-та өткен.
Отбасы Оңтүстік Калифорнияға тұрақты қоныстанғаннан кейін, Тагава орта мектепте актерлік өнерді қолға алған. Ол сондай-ақ каратэ және кендо спортымен белсенді түрде шұғылдана бастаған.
Оның кинодағы дебюті 1986 жылы болды. Тагава режиссер Джон Карпентердің "Большой переполох в маленьком Китае" фильмінде шағын рөлді ойнап шықты. Ал халықаралық ірі жобалардағы алғашқы рөлін "Соңғы император" фильмінде ойнады.
Тагава Mortal Kombat фильмінен кейін әлемдік танымалдыққа ие болды. Ол фильмдегі зұлым Шан Цзуннің рөлі арқылы бүкіл әлемге танылды.
Бұдан кейін актердің мансап жолы өрге домалап, көптеген фильмге түсті.