25 мамыр күні күндіз Қарағанды қаласындағы Мира даңғылы бойындағы 7-ші шағын аудандағы аялдамада жанжал болып, оның барысында екі жас жігіт соққыға жығылды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде”, – делінген ведомство хабарламасында.
Жанжалдың себептері әзірге белгісіз.