Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сауалына жауап берді, деп жазады Alash.kz.
Желі қолданушыларының бірі: «Екі анадан туған балалардың бір-бірін таза, туғанындай көруі мүмкін емес. Өз тәжірибем» – деген пікір қалдырған.
Өнер иесі бұл пікірмен келісетінін айтты.
«Сіздің ойыңызбен толықтай келісемін. «Сүйеуі бір, қаны бір» бауырлар үшін аналарының бөлек болуы араға суықтық түсірмеуі тиіс. Өйткені әке бір болғандықтан өріс те, тектік тамыр да бір болып қала береді. Тәрбие мен көзқарастың әртүрлілігі араласуға бөгет емес, керісінше бір-бірін толықтыруға мүмкіндік береді» — деп жазды Айгүл Иманбаева.