Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт федерациясының (IBSA) Атқарушы кеңесінің мүшесі болып тағайындалды, деп жазады Alash.kz.
Тиісті шешім 2026 жылғы 3 тамызда ұйым Жарғысының 6.13-бабына сәйкес IBSA Атқарушы кеңесінің отырысында қабылданды.
IBSA - көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында спортты дамытатын және әлемнің 100-ден астам елдің ұлттық ұйымдарын біріктіретін халықаралық спорт федерациясы.
Ұлттық паралимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан өкілінің IBSA Атқарушы кеңесінің құрамына тағайындалуы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, көру қабілеті бұзылған спортшылар спортын дамытуға бағытталған бастамаларды ілгерілетуге және еліміздің әлемдік паралимпиадалық қозғалысты дамытуға қатысуын кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады.