Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Тағы да бір 8 сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

14:36, 17 қыркүйек 2024 487

 

 

 

Атырауда 10 қыркүйек күні 13 жастағы қыз өзіне қол салды., деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы жергілікті “АқЖайық” басылымына сілтеме жасап.

Қыз Привокзальный ықшамауданындағы №24 мектептің 8-сынып оқушысы екен. Бейресми деректер бойынша, өз-өзіне қол жұмсауына буллинг себеп болған.

Алайда мектеп директоры Әлия Еділбаева мектептегі оқушы немесе мұғалімдердің тарапынан буллинг болмағанын айтады.

“Мұндай әрекетке баруына не себеп болғанын айта алмаймыз. Бірақ мектепте ресми түрде бірде-бір буллинг жағдайы тіркелмеген. Қыздың бұрыннан тұйықтау екені белгілі, бірақ ол жақында ашыла бастады, сыныптастарын көргенде құшақтап амандасатын. Мектеп оқушыларға қолайлы жағдай жасауға тырысады және осы мақсатта былтыр шығармашылық топтар ашылған”, – деді директор.

Сөзінше, қыз мектеп психологымен сөйлескен, бірақ маман оқушының мінез-құлқынан ешқандай дабыл қағатындай нәрсе аңғармағанын айтты. 8-сынып оқушысы орыс сыныбында оқыған және анасымен ғана тұрған. 750 орынға есептелген №24 мектепте 2262 оқушы бар. Қазір оқу орны үш ауысыммен жұмыс істейді.

Жасөспірімнің өзіне қол салуы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар