Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Алматыда бір ай бұрын жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі күйінде табылды

10:00, 23 желтоқсан 2025

Алматыда бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

1991 жылы туған Дүйсебеков Аяз Көшімбекұлы осыдан тура бір ай бұрын, яғни 25 қараша күні байланысқа шықпай қалған. Туыстарының айтуынша, ол күндізгі сағат 12:00 шамасында Алмалы ауданындағы (Райымбек даңғылы, 210/7 үй) мекенжайдан шығып, қайтып оралмаған.

Қазіргі уақытта құзырлы органдар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Марқұмның нақты неден көз жұмғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция әзірге оқиғаның қылмыстық сипаты бар-жоғы туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар