Аламатыға жұмбақ жағдайда көз жұмған бапкердің өлімі жайлы тың дерек шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Алматы облысы Іле ауданының Полиция басқармасы аталмыш факті бойынша ҚК 001-бабымен (адам өлімі) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр», – деп қысқаша хабарлады ІІМ баспасөз қызметі Nege.kz редакциясына берген ресми жауабында.
Тергеу жалғасуда.
Жандос Қуаныштың анасы Жанаргүл Махмұтқызының айтуынша, 2 қараша күні ұлы шәкіртімен бірге Алматыға бокстан өтетін жарысқа келген. Сол күні олар Сейфуллин даңғылы бойындағы мейрамханаға тамақтануға кірген. Тамақ ішіп болған соң Жандостың жағдайы кенеттен нашарлап, жүрегі айнып, есінен танып қалған. Мұндай жағдайда мейрамхана қызметкерлері жедел жәрдем шақыруы керек еді.
Алайда олар дәрігерлерді емес, полиция қызметкерлерін шақырған. Келген полиция қызметкерлері де жедел жәрдем шақырмай, ауыр халде жатқан жаттықтырушыны Мақатаев көшесінде орналасқан наркологиялық орталыққа алып кеткен. Жандос Қуаныш сегіз күн комада жатып, көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын және күмән тудырған жайттарды марқұмның анасы редакциямызға айтып берді.