Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“2026 жыл - қазақ тілі жылы болсын”: Танымал заңгер Тоқаевқа үндеу жолдамақ

18:50, 22 желтоқсан 2025

Шерзат ісі бойынша танылған заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде Қазақстан халқына маңызды үндеу жасады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Заңгер 2026 жыл мемлекеттік қазақ тілі жылы болсын деген ұсыныс тастады.

“Мінезді болыңдар! Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде орыс тілінде сөйлеуді талап етіп жатқандар көп.

Алайда Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес, ешкім орыс тілінде сөйлеуге міндетті емес.

Керісінше, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 4-бабына сәйкес, әрбір қазақстандыққа, ұлтына қарамастан, мемлекеттік тілді — қазақ тілін меңгеру борышы жүктелген.

Мінезді болайық. Мен сот алдында да орыс тілінде сөйлеуді талап еткен өтініштерге бой ұсынбаймын.

Келесі жыл мемлекеттік қазақ тілі жылы болсын деген ұсынысты қолдайтындар болса, пікір қалдырыңыздар.

Егер мен Тоқаев мырзаға үндеу жасасам, қолдайсыздар ма?

Мен жеке куәлігімдегі құлдық “ев “ жалғауынан арылдым. Сіздерге челлендж ретінде жолдаймын”- деп жазды заңгер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар