Павлодарда полицейлер 15 жыл бұрын жоғалып кеткен қыз денесін тапты. Бұл жағдайдан кейін бұрынғы тергеу басқа бағытта өрбіді. Қыздың адам қолынан қаза тапқаны айтылды, деп хабарлайды Alash.KZ. ұлттық порталы CMN.KZ-ке сілтеп.
2009 жылдың жазында "Северный" аймағындағы жергілікті тұрғын қызбен бірге алкогольдік ішімдіктер ішкен. Кейін олардың арасында жанжал туындаған. Ақыры 21 жастағы Б. серігін ұрып тастаған.
Қыз алған жарақаттарының салдарынан қаза табады. Серігі қыздың денесін жақын жерге көміп тастайды. Полиция департаменті күдікке ілінген азаматтың өзге қылмыстары үшін жауапта тартылып жатқанын хабарлады.
Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.