Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Оңай болмады.. Бұл шешімнің артында тәуекел болды»: Мөлдір Әуелбекова жан сырын ақтарды

14:31, 02 маусым 2026

Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде жазба жариялап, тыңдармандарына үн қатты, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі ұзақ үзілістен кейін гастрольдік сапарға шығып, ән кешін өткізіп жатқанын жеткізді.

«Осы жылғы гастрольдік сапарымнан бір үзік ой. Жеті жылдық үзілістен кейін (3 жыл карантин, 4 жыл декрет) қайтадан өңірлерді аралап, халықпен жүздесуге бел будым. Бұл шешімнің артында тәуекел де, толғаныс та болды, шешім оңай берілмеді. Осыдан 15 жыл бұрын гастрольге шығып жүргенде техникалық мүмкіндіктердің тапшылығын жиі сезінетінбіз. Сапалы дыбыс аппаратурасы сирек, заманауи әрі көрікті мәдениет сарайлары аз болатын. Бүгінде жағдай мүлде өзгерген. Қай қалаға барсаң да, барлық жағдай жасалған: жеке гримерлік бөлмелер, кәсіби техникалық жабдықтар, көрермендерге арналған жайлы кіреберістер мен ыңғайлы орындықтар бар. Қысқасы, уақытпен бірге өңірлер де өзгерген. Бүгінде мәдениет ошақтарының деңгейі жоғары, көрерменнің талғамы өскен. Концерттің, әншінің қарасы көп, бәрі халыққа сүйікті. Мұның бәрі қуантады, шабыттандырады ғой», - деді Мөлдір Әуелбекова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар