Баян Алагөзова KeshYOU тобының концертінен кейінгі жоспарларын айтты, деп жазды Alash.kz.
Продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде KeshYOU тобының мерейтойлық концертіне дайындық барысы мен алдағы жоспарлары туралы жазба жариялады.
Оның айтуынша, концертке дайындық өте қарқынды өткен. Әншілер сахналық қойылымдар мен костюм ауыстыру сәттерін бірнеше рет қайталап, тыңғылықты дайындалған.
«Қыздар күніне сан мәрте киім ауыстырып, әрбір сахналық шығуға мұқият дайындалды. Киім ауыстыруға небәрі бірнеше секунд қана берілді. Соған қарамастан, олар барлық тапсырманы жоғары деңгейде орындап шықты», – деді продюсер.
Сондай-ақ Баян Алагөзова Алматыда өткен шоудың сәтті аяқталғанын атап өтіп, енді дәл осындай концерттік бағдарламаны Астана қаласында ұйымдастыру жоспарда бар екенін жеткізді.
Продюсер бұл бастамаға қатысты оқырмандарының пікірін сұрап, елордада да осындай ауқымды шоу өткізуге қалай қарайтынын сұрады.