Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев «Парасат» орденімен марапатталды

14:44, 01 маусым 2026

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Мемлекет басшысының атынан «ДимашАли» шығармашылық орталығының жетекшісі, композитор, продюсер, музыкант Қанат Айтбаевқа «Парасат» орденін табыстады, деп жазады Alash.kz.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнерді дамытудағы елеулі еңбегін, сондай-ақ қазақстандық музыка өнерін қолдау және кеңінен насихаттау жолындағы үлесін ерекше атап өтті.

«Парасат» ордені ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнер салаларын дамытуға сіңірген айрықша еңбегі, сондай-ақ елдің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Айта кетейік, Қанат Айтбаев жеке жағдайына байланысты бұған дейін Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатыса алмаған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар