Павлодар облысында екі адам өзенге батып кетті, деп жазады Alash.kz.
Құтқарушылар Ертістен ер мен әйелдің денесін алып шықты.
"1 маусым күні Ертіс ауданында Ертіс ауылы маңындағы Ертіс өзенінің бір саласының жағалауынан құтқарушылар 1990 жылы туған әйелдің мәйітін судан алып шықты. Әйел 18 мамыр күні суға батып кеткен.
Сол күні Павлодар қаласында Ертіс өзенінен ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1990 жылы туған, Ресей Федерациясының азаматы болған ер адамның мәйітін алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 28 мамыр күні суға түсіп, батып кеткен", – деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.