Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қасым-Жомарт Тоқаевты сағындым»: Президент 3 жасар Әміреге сыйлық жасады (ВИДЕО)

23:56, 01 маусым 2026

Желіде LRT ішінде түсірілген бейнежазбасы арқылы көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген 3 жасар Әміренің арманы орындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты көргісі келетінін айтып, шынайы эмоциясымен желі қолданушыларын баурап алған бүлдіршінге Президенттің атынан арнайы тосынсый жасалды, деп жазады Alash.kz. 

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Әміремен арнайы кездесіп, оған ел Президентінің Алғыс хаты мен бағалы естелік сыйлықтарын салтанатты түрде табыс етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде елордалық жеңіл рельсті көлік ішінде түсірілген кішкентай баланың видеосы кеңінен тараған болатын. Бейнежазбада Әміре өзінің Мемлекет басшысын қатты сағынғанын және онымен жүзбе-жүз кездесуді аңсайтынын балалық пәк көңілмен жеткізген еді. Бүлдіршіннің бұл кіршіксіз сенімі мен аңғалдығы ел билігінің де назарынан тыс қалған жоқ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар