Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат: Марқұм қыздың анасы шартты жаза сұрады

17:36, 01 маусым 2026

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында орын алған атышулы жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Сот процесі барысында жол апатынан қаза тапқан бойжеткеннің анасы сөз сөйлеп, оқиға болған күннің мән-жайымен бөлісті. Оның айтуынша, қызы апат болатын күні үйіне келіп тамақтанғаннан кейін, өзінің несие төлемін өтеу мақсатында такси шақыртып шығып кеткен. Түнгі сағат 23:00 шамасында анасы мен қызы бейнеқоңырау арқылы байланысқа шығып, тілдескен. Сол сәтте бойжеткен такси ішінде келе жатқанын және жақын арада үйге оралатынын айтқан. Алайда таңға жуық отбасы мүшелеріне қыздарының қаза тапқаны туралы суық хабар жеткен.

Алғашқы уақытта бұл қайғылы хабарға сене алмаған анасы перзентін ауруханада, комада жатыр деп үміттенгенін жеткізді. Ол ендігі кезекте қызын ешкімнің кері қайтара алмайтынын айтып, айыпталушы тарапқа ешқандай өкпе-назы мен талабы жоқтығын білдірді.

Осылайша, жол апатынан марқұм болғандардың жақындары күдікті орындығында отырған Александр Пакқа ешқандай талаптары жоқ екенін айтып, оған кешірім берді. Жәбірленуші тарап соттан айыпталушыны темір торға қамамай, тек бас бостандығын шектеу (шартты) жазасын қолдануды сұрап отыр. Қорғаушы адвокаттың мәлімдеуінше, зардап шеккен отбасыларға моральдық шығын көлемі толықтай өтеліп берілген. Ал сотталушы Александр Пак өз кезегінде тағылған айыпты және кінәсін толығымен мойындады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар