Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан блогер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында отбасына қатысты мәлімет бөлісті. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы жазды.
Сұхбат барысында тележүргізуші жаңа баспанасын көрсетіп, үйде кімдер тұратынын айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда зәулім үйде өзі, жолдасы Жұмабек, анасы және балалары бірге тұрады.
"Үйіміз қатты үлкен болмағандықтан гардероб сыйымды. Бұл үйде мен, Жұмабек, анам және балалар тұрады. Ал Жұмабектің балалары Алматыда тұрады", - деді ол.
Сондай-ақ Динара Сәтжан жолдасының бірінші некеден туған балалары Алматы қаласында тұратынын атап өтті.
Сұхбат үзіндісі әлеуметтік желіде талқыланып, қолданушылар түрлі пікір білдірді. Бірқатар желі қолданушылары тележүргізушіні сынаса, енді бірі оның енесімен қарым-қатынасына оң баға берген.