Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры, ірі көлемдегі қаржы жымқырғаны үшін сотталған Дамир Шыныбеков бостандыққа шықты, деп хабарлайды Alash.KZ.
2020 жылы Дамир Шыныбеков 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол университеттің бухгалтерімен бірге 1,7 млрд теңгені жымқыру ісі бойынша сотталған.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде оның амнистияға ілінгенін және заңды негізде мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанын мәлімдеді.