Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үш ай қуған" - Шымкентте қыздың соңынан қалмай қойған тағы бір жігіт қамауға алынды

"Үш ай қуған" - Шымкентте қыздың соңынан қалмай қойған тағы бір жігіт қамауға алынды

Шымкентте қыздың қыр соңынан қалмай қойған тағы бір жігіт қамауға алынды, деп жазады Alash.KZ.

Жігіт қызбен екі айға жуық араласып, оның ата-анасымен де танысқан. Кейін қыз сөйлесіп жүрген жігіттің бұрын некеде болғанын біліп, қарым-қатынасты бірден тоқтатқан. 

"Ер адам үш айдан астам уақыт бойы қызға қоңырау шалып, хабарламалар жазып, қыр соңынан қалмай қудалаған", - дейді полицияда.

Тіпті жәбірленушінің отбасына зиян келтіретінін айтып қорқытқан. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар