Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне Әділет Оразбековті тағайындады, деп жазады Alash.KZ.
Әділет Оразбеков 1978 жылы туған. Қырғызстан халықаралық университетін "Дипломатия және халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Бұған қоса, ол Ресей ФСБ академиясында оқыған. Әскери шені бар.