Санкт-Петербургте білім алып жүрген Қазақстан азаматы Гарри Азарян «Жұмысшылар билігі» атты солшыл радикалды қозғалыстың жиынына қатысқаны үшін сотталды, деп жазады Alash.KZ.
Ол 2025 жылы өткен басқосуда билікті өзгертуге және жаппай зорлық-зомбылыққа шақырды деген айыппен қамауға алынған.
Аталған бап бойынша айыппұл салу мүмкіндігі болғанына қарамастан, прокуратура студентті үш жылға соттауды талап еткен. Сот барысында Азарян өз кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін және түзелгенін айтқан.
Тергеу нұсқасына сәйкес, Азарян қозғалыстың съезінде зорлық-зомбылықты насихаттап, терроризмді ақтайтын мәлімдемелер жасаған.
Сот оны екі жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.