Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды

10:35, 08 мамыр 2026

Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп жазады Alash.kz.

Өңірдің бұрынғы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев биылғы жылдың 6 мамырында Мемлекет басшысының шешімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 

Мұрат Ергешбаев — білікті экономист және мемлекеттік басқару саласының маманы. Ол 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдап, еңбек жолын қатардағы экономист ретінде бастаған. Кейіннен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында білімін жетілдірген. Оның мансаптық сатысы банк секторындағы басшылық лауазымдар мен өңірлік басқару органдарындағы жауапты қызметтерден тұрады.

1989-1996 жылдар аралығында Сырдария ауданында экономист және «Әлем Банк Қазақстан» АҚ-да басшылық қызметтер атқарды. 1998-2001 жылдары Халық банкінің облыстық филиалын басқарса, кейіннен облыстық әлеуметтік қорғау және қаржы басқармаларында орынбасарлық және басшылық лауазымдарды иеленді. 2008-2010 жылдары Қызылорда қаласының әкімі қызметінде болды.

Тәжірибелі басқарушы облыстың бірнеше ірі аудандарын басқару ісіне де белсене араласты. Атап айтқанда, ол әр жылдары Қармақшы, Шиелі, Қазалы және Сырдария аудандарының әкімі болып қызмет етті. Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда, атап айтқанда ТЖМ және Ұлттық экономика министрлігіне қарасты құрылымдарда тәжірибе жинақтады.

2023 жылдың наурыз айынан бастап Мұрат Ергешбаев заң шығарушы билік тармағына ауысты. Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты және «AMANAT» партиясы фракциясының белсенді мүшесі ретінде қызметін жалғастырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар