Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қызметім аяқталды" - Нұрлыбек Нәлібаев желідегі парақшасында жазба жариялады

22:00, 07 мамыр 2026

Әлеуметтік желідегі парақшасында Премьер-министрдің су жаңа бірінші орынбасары, Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.KZ

"Құрметті жерлестер!

Еңбек жолымдағы тағы бір аса жауапты кезең қорытындыланып, Қызылорда облысының әкімі ретіндегі қызметім аяқталды. Төрт жылдан астам уақыт бойы Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына барлық білім-білігімді, күш-жігерімді, тәжірибемді жұмсадым. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы аймақ тізгінін тапсырғанда, Президентіміздің, жерлестеріміздің сенімін ақтап, туған жерге адал қызмет етудің жауапкершілігі жеңіл емес екенін жақсы түсіндім.

Кейінгі төрт жылда Мемлекет басшымыздың қолдауымен атқарылған жұмыстардың, жүзеге асқан жобалардың, қолға алынған бастамалардың барлығы жұртшылықтың көз алдында. Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Президентіміз «Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Облыстың жағдайы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады», - деп атап өтті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар