Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шымкентте 70 жастағы қария көршілерін пышақтап тастады (ВИДЕО)

10:44, 07 мамыр 2026

Шымкентте 70 жастағы тұрғын көршілеріне пышақпен шабуыл жасады. Салдарынан екі зейнеткер ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін төрт сағатқа созылған күрделі ота жасаған. Қазіргі таңда қос науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр деп хабарлайды Alash.KZ.

Оқиға кеше кешкі уақытта Шымкент қаласына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында болған. Куәгерлердің айтуынша, жанжал балалардың ойынынан басталған. Qaz365.kz жазғандай, аулада ойнап жүрген балалар күдіктінің үйінің шатырына тас лақтырған көрінеді. Осыдан кейін ашуға булыққан қария көшеге шығып, көршілеріне тап берген.

Тұрғындардың сөзінше, алғашқы жәбірленушіні пышақтап жатқан сәтте екінші көршісі араша түсуге ұмтылған. Алайда күдікті оған да пышақ жарақатын салған. Екі азамат та көп қан жоғалтып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

№1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Бақытжан Позиловтың мәліметінше, науқастар ауруханаға ауыр хәлде түскен. Оларға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, операция жасалған.

Қанды оқиғадан кейін күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар