Қарағанды облысында жаңа алюминий кластері жұмысын бастайды. Өнеркәсіп, ғылым және жоғары оқу орындары «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы Silumin of Qazaqstan зауытының айналасына біріктіріледі. Мұнда радиаторлар, алюминий профильдері, кабельдер, ыдыс-аяқ және жарықтандыру өнімдері шығарылатын болады деп жазады Alash.KZ.
Жоба иелерінің қатарында 25 жастағы Владислав Пак бар. Ол – кәсіпкер Юрий Пактың ұлы. Forbes-2024 дерегі бойынша байлығы 64 млн доллар.
Зауыт толықтай салынып бітті, қазіргі уақытта жабдықтарды іске қосу және баптау жұмыстары жүріп жатыр. Алғашқы сынақ құймасы да дайын болды. Жобаның жобалық қуаты – жылына 5,5 млн радиатор секциясы.
Өндірісте decoating технологиясы қолданылады. Ол алюминий қалдықтарын қайта өңдеуге мүмкіндік беріп, зиянды шығарындыларды азайтады. Технологиялық шешімдерді Италия мен Германияның ғылыми институттары әзірлеген.
Алғашқы кезеңде 250 адам жұмыспен қамтылады, кейін бұл көрсеткіш 750 қызметкерге дейін өседі.
Миллионер Юрий Пактің 25 жастағы ұлы зауыт ашты
«Өзімен автомат патрондарын алып жүрген»: Алматы метросынан студент ұсталды (ВИДЕО)
19:36, 26 маусым 2026
«Неге жалақы өсімі инфляция мәселесінде қауқарсыз?»: Серік Жұманғарин мәлімдеме жасады
18:51, 26 маусым 2026
Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев беделді Гран-при турнирінің вице-чемпионы атанды
15:57, 26 маусым 2026
«Қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, көңіл айтамын!»: Тоқаев Венесуэлаға жеделхат жолдады
08:27, 26 маусым 2026
500 адам іздеп жатыр: Қырғызстанда көлік өзенге құлап, екі баланы ағыс алып кетті
17:33, 25 маусым 2026