Бүгін «Мойынты–Шығанақ» учаскесінде қаза тапқан жөндеу бригадасының төрт жұмысшысы жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Олардың ең жасы үлкені — 60 жастағы Серікқан Жұнұсов. Ол темір жолда 33 жыл еңбек еткен. Артында үшеу баласы қалды, олардың бірі – кәмелетке толмаған.

50 жастағы бригадир-мастер Мақсұт Таурбеков отбасындағы жалғыз асыраушы болған. Артында екі кәмелетке толмаған баласы қалды.

45 жастағы жол монтері Бауыржан Ахрапбаев КТЖ-да бір айға да жетпей жұмыс істеген. Артында зейнеткер ата-анасы қалды.

Қаза тапқандардың ең жасы — Дархан Сатыпалды. Оның артында әйелі мен зейнеткер анасы қалды.
Еске салайық, 10-желтоқсан күні Қарағанды облысы аумағындағы «Мойынты-Шығанақ» теміржол учаскесіндегі пойыз апатынан 4 жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан болатын.