ҰҚК-ның экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі әлеуметтік қажеттіліктерге берілетін болды, деп жазады Alash.KZ.
Ал үй ішіндегі заттар – көне тиындары, қылыштары және жеке құндылықтары бөлек сатылады. Бұл заттар тәуелсіз активтер ретінде бөлек бағаланды. Оларды аукционға қою немесе басқа активке қосып, пакет ретінде сату жоспарланып отыр.
Әзірге бұл бұйымдардың нақты құны белгісіз, бірақ олардың бағасы айтарлықтай қымбат болуы ықтимал. Мәсімовтің үйінен тәркіленген бағалы заттардың арасында сирек кездесетін әрі тарихи құны бар дүниелер бар екені белгілі болды.
"Мұрттыға" тиесілі мүліктің әлеуметтік мақсатта пайдаланылуы қазақтардың тарапынан қолдау табуы мүмкін.
Бұған дейін желіде зәулім үй қызу талқыға түскен еді. Ол биыл ақпан айында аукционға шығарылып, 1,8 миллиард теңгеге бағаланған.
Екі рет сатылымға шығып, өтпеген соң әкімдік меншігіне берілетіні айтылған.