Атырау облысы Жангелдин ауылында болған қанды қылмысқа қатысты жаңа мәліметтер жария болды, деп жазады Alash.kz.
Журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында оқиғаның мән-жайын бөлісті.
Оның айтуынша, марқұмдардың туыстары күдікке ілінген күйеу бала Сұлтан Сәрсемалиев осындай ауыр қылмыс жасайды деп күтпеген.
"Жангелдинде жүргенімде ағайындардың бірі: "Мақсот ағам қыз-күйеу балам қонаққа келеді деп, көршіге мал сойғызып, дайындалып отырған" деп айтты. Құшақ жайып қарсы алған күйеуінің кейін осындай қатыгездікке баратынын, өз қолынан қаза табатынын қайдан білсін, қайран әке", – деп жазды журналист.