Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Референдумның әділ, таза, ашық өтетініне менің күмәнім жоқ”: Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді

10:02, 15 наурыз 2026

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс берді. Бұл туралы Kazinform хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Мәжіліс төрағасы Астанадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 сайлау учаскесінде дауыс берді.

– Референдумның әділ, таза, ашық өтетініне менің күмәнім жоқ. Себебі біз ел-елді аралап келдік. Халықтың көңіл-күйін көріп отырмыз, қолдауын сезіп отырмыз. Ешқандай заңбұзушылыққа баратынына негіз жоқ. Бұл – төрт жылдың ішіндегі үшінші референдум. Бұған дейінгі екі референдумда да халықтың белсенділігін көрдіңіздер, – деді Е.Қошанов тілшілерге берген сұхбатында.

Мәжіліс спикері 15 наурыз ел тарихындағы ерекше орын алатын, тарихи күн болуы мүмкін екенін атап өтті.

– Бұған дейінгі өзгерістер де халыққа қажетті, халықтың сұранысы мен заман талабынан туған құбылыс болды. Президент Парламенттік реформа бастамасын деп жарты жыл бұрын жариялады, оған 10-15 мыңға таяу ұсыныстар түсті. Оның арасында Парламенттік реформа ғана емес, Конституцияның басқа да баптарына қатысты ұсыныстар болды. Конституциялық комиссия осының барлығын назарға алып, негізгілерін қабылдады, – деді Ерлан Қошанов.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар