Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жеті жылдан бері күткен сәби…”: Сүйінші! Тамара Асар отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті

13:10, 15 наурыз 2026

Қазақстанның Халық әртісі, әнші Тамара Асар желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісіп, елден сүйінші сұрады, деп жазады Alash.kz.

Әнші қасиетті Рамазан айында әкесінің шаңырағында көптен күткен сәби дүниеге келгенін айтып, сүйіншіледі.

"Сүйінші, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН!!! Амал-наурызда, әкемнің шаңырағы қасиетті ораза айында олжалы! Құтты үйдің қуанышы қосынан келіп, жеті жылдан бері күткен сәби өмірге келді. Мен кіндік шешесімін. Бұл сәбиді мойыныма бұршақ салғандай болып ерекше тілеп, ерекше күттім. Қолды Құдай құр қайтармады, шүкір. Сіздерге де жұғысты болсын!!!", - деді Тамара Асар.

Өнер иесі жаңа туған сәбиге өзі ерекше есім қойғанын айтты.

"ӘНҰЗА деп ат қойдым. Лайым да Ініммен келінімнің “өмірлері ӘН болсын! Әндері ұзағынан болсын”-деген тілекпен. Қалнияз Әнұза Сертайқызы деген сұлу сіңлім, әрі кіндік қыжым іңгәлап баршаңызға сәлем жолдауда!!! Осыдан төрт жыл бұрын шығарған "Әлди" әнімнің басқы жағын сексенге келген анам айтып отыр. Іңгәлап жатқан Ажартайдың алғашқы дауысы. Амал құтты болсын!!! Әр шаңырақта сәбилер іңгәлай берсін!!!", - деп жазды әнші. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар