Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бұйырса… Жаңа кезең күтіп тұр”: Димаш Құдайберген бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

18:00, 03 тамыз 2026

Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген желідегі парақшасында тыңдармандарына қуанышты жаңалығын жеткізді, деп жазады Alash.kz.

Өнер иесі биыл қазан айында жаңа әлемдік турын бастайтынын жариялады.

«Алда жаңа кезең күтіп тұр. Бұйырса, қазан айында жаңа әлемдік турымды бастаймын. Тыңдарман құрметіне 15-ке жуық жаңа ән дайындап үлгердім. Бұл осы жылдар бойы менімен бірге болған барша жанға деген алғысым болмақ», – деді әнші.

Еске сала кетейік, жуырда Димаш Құдайберген «Ақерке» халық әнін заманауи нақышта орындап, YouTube-арнасында жаңа бейнебаянның жарық көргенін сүйіншілеген болатын.

«Көптен күткен сәт келді... Ертең сағат 11:00-де (Алматы уақыты) YouTube арнамда «Aqerke» бейнебаянының премьерасы болады. Дайынсыздар ма?» – деп жазды Димаш Құдайберген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар