Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кінәсін толық мойындады. Қайрат Сатыбалдыұлының соты басталды

11:32, 01 сәуір 2024 799

Астанада ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотта Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты басты сот отырысы басталды.

Бұл жолы Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпталып отыр.

Қайрат Сатыбалдыұлының өзі сот залында жоқ. Ол процеске онлайн қосылуы керек еді, бірақ техникалық ақауларға байланысты мүмкін болмады. Осыған байланысты сот үзіліс жариялады.

Іле-шала Қайрат Сатыбалдыұлы онлайн режимде сотқа қосылды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің деректері бойынша айыпталушы бұл ақшаға әртүрлі мүлік сатып алған және оны шетелдік банк шоттарына аударған", - деп жазылған деректерде. 

Бас сот талқылауы кезінде Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындады,

Еске салайық, 2022 жылы наурызда Сатыбалдыұлы шетелге қашып бара жатқан жерінен ұсталған болатын.

Ал қыркүйекте Астанада соты Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, оның мүлкі тәркіленді және 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сот барысында Сатыбалдыұлы "Қазақтелеком" және "Көлік сервис орталығы" компанияларына залалды өтеу ретінде ондаған миллиард теңге төлегені мәлімделді. Тараптар медиативтік келісім жасасты.

2023 жылы желтоқсанда Қайрат Сатыбалдыұлы 55 миллиард теңгеден аса ақшаны мемлекетке қайтарған болатын. Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті қайтарып жатқанын хабарлаған болатын.

Биыл ақпанда Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 млн АҚШ доллары) түсті. Одан бөлек Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар