Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жазасы ауыр: Енді әйелді де баланы да ұруға заң жүзінде тыйым салынады

14:19, 11 сәуір 2024 880

Бүгін Сенат «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңды мақұлдады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді. 

"Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауда тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырған болатын. Көп ұзамай Мәжіліс депутаттары жаңа құжатты әзірлеуге кірісті. Бұл жұмысқа Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың мүшелері белсене атсалысты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қылмыс деп танылуы, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаның күшейтілуі және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған түрлі шаралардың белгіленуі заңның негізгі жаңашылдығы деп атауға болады.

Әйелдер мен балалардың іргелі құқықтарын қорғау – мемлекеттік саясаттағы басымдықтың бірі. Бұл мәселе қашанда Мемлекет басшысының басты назарында. Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықты ымырасыз күрес жүргізуді қажет ететін әлеуметтік кеселдің бірі ретінде атап өтті", - деді Ерлан Қарин.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар