Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жағдай: Жетісуда оқушылар бір-біріне мылтықпен оқ атқан

17:44, 02 желтоқсан 2024 430

Жетісу облысы Көлбай ауылында оқушылар арасында жанжал болған, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қараша айында 2009 және 2010 жылы туған үш мектеп оқушысы Көлбай ауылында қырғауыл атуға шыққан. Облыстық білім басқармасының ресми ақпаратына сәйкес, балалардың біреуі өзімен қатар оқушыға байқаусыздан аяғына оқ атып жіберген. 

Облыстық білім басқармасының ресми ақпаратына сәйкес, балалардың біреуі өзімен қатар оқушыға байқаусыздан аяғына оқ атып жіберген. 

"Жарақат алған бала жедел жәрдем көлігімен Қабанбай ауылындағы ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған (диагноз: ашық жіліншіктің оқ жарақаты). Қазіргі уақытта ол Талдықорған қаласындағы облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде, жағдайы тұрақты. Оқушылар аудандық полиция, мектепішілік профилактикалық есепте тіркелмеген. Алакөл ауданының полиция бөлімі тарапынан тергеу жұмыстары жүргізілуде" – делінген хабарламада. 

Оқ атылған қару оқушылардың бірінің әкесіне тиесілі екені белгілі. Балалардың оны қолдануға арнайы лицензиясы болмаған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар