Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың әпкесі әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Stan.kz мәліметінше, желі қолданушыларынан бауырының өліміне кінәлілерді жазалауға көмектесуді сұрады.
"Кішкентай інім қызметке кетіп, қайтып оралмады. Қолынан келгенше мені қорғап жүретін, менің 1 әпкем, 1 қарындасым бар дейтін. Мен қазір не болып жатқанын түсібеймін, бірақ сенің тыныш жатуың үшін әділеттің салтанат құруына қандай да бір үлесімді қосқым келеді. Барлығыңыздан осы іс бойынша ақпарат таратуды сұраймын. #ЗаМаратика хэштегімен сторис, пост, видео жариялайық", – дейді марқұмның әпкесі.
Ол Маратқа кездейсоқ оқ тигеніне сенбейтінін және қылмыс жасаған адамның жазадан құтылып кетеді деп қорқатынын жеткізді. Желідегі видео 900 мыңнан астам қаралым жинаған.