Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Газаға соққысын тоқтатпағаны үшін” - АҚШ Израильге қатаң түрде ескерту жасап отыр

23:13, 15 желтоқсан 2025

Ақ үй Израиль премьері Биньямин Нетаньяхуға Газа мен Сириядағы әскери әрекеттері үшін қатаң ескерту жолдады, деп хабарлайды Alash.kz

Axios дерегінше, Израильдің Газа секторына жасаған соққысынан кейін Ақ үй премьер-министр Биньямин Нетаньяхуға ашық әрі қатаң мазмұндағы хабарлама жолдаған. Бұл қадам Раед Саадтың қаза табуына әкелген әуе шабуылынан соң жасалған.

Ақ үйдің Нетаньяхуге жеткізген ұстанымы эмоциясыз дипломатиялық форматтан гөрі, саяси ескертуге жақын болғаны айтылып отыр. АҚШ тарапы Израильдің әрекеті Газа бойынша қол жеткізілген келісімге нұқсан келтіретінін және бұл президент Дональд Трамптың халықаралық беделіне соққы болуы мүмкін екенін қатаң түрде жеткізген. Вашингтон келісімнің бұзылуына жол бермейтінін айқын аңғартқан.

Өз кезегінде Нетаньяху әкімшілігі жауапкершілікті ХАМАС-қа жүктеп, келісімді бірінші болып сол тарап бұзды деп мәлімдеді. Израиль билігі Газаға жасалған соққыларды «жауап шарасы» ретінде түсіндіріп отыр.

Дегенмен АҚШ-тың Израильге наразылығы тек Газа мәселесімен шектелмейді. Вашингтон Израильдің Сирия аумағындағы әскери әрекеттеріне де алаңдаулы. Axios жазуынша, америкалық саяси элитаның ықпалды өкілдері — Марко Рубио, Стив Уиткофф және Джаред Кушнер — жеке кездесулер барысында Нетаньяхудың әрекеттеріне қанағаттанбайтынын бірнеше рет білдірген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар