Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бұл оның Антикор басшысы ретінде атқарған жұмысына марапаты болды - саясаттанушы

16:34, 06 ақпан 2024 315


 

Ол "Бұл - маңызды сәт. Бұл да Назарбаев жүйесінің белгілеп кеткен бір қағидасы. Тоқаев қазір осы қағидаларды жалғастыру үстінде. Өйткені жаңа премьер-министрдің мансаптық өсуі Қаңтар оқиғасынан кейін басталғанын байқауға болады. Яғни, дәл осы оқиға мемлекеттік аппаратты тазартуға түрткі болды. Сол кезде Тоқаевты қолдаған белгілі бір адамдар тобы төбе көрсетті. Ал Тоқаев өз кезегінде оларды белгілі бір лауазымға жайғастырды” - дейді.

Сәтбаевтың айтуынша, Олжас Бектенов осы топтың мүшесі. Өйткені Қаңтар оқиғасынан кейін шенеунік бірден Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалып, кейін Президент Әкімшілігінің басшылық қызметіне келді.




“Бұл оның Антикор басшысы ретінде атқарған жұмысына марапаты болды. Өйткені 2022 жылы Тұңғыш президенттің туыстары мен кей олигархтарға қысым көрсету басталды. Олар бас бостандығынан айырылып, тіпті түрмеге қамалды. Тоқаевқа қазіргі премьер-министрдің осындай белсенді жұмысы ұнады. Нәтижесінде оның мансаптық өсуі жалғасын тапты. Ал президент әкімшілігінің басшысы болған уақытта ол заңсыз шетел асқан активтерді қайтаруға байланысты заңның қабылдануын қадағалады. Аталмыщ заң өткен жылдың жаз айында қабылданған болатын”, - деді Досым Сәтбаев.



Сарапшының айтуынша, экс-премьер Әлихан Смайылов 2022 жылы желтоқсан айынан бастап сынға ұшырады. Осы сәтте Смайыловтың тарапына “экономикалық саясатқа қауқары жетпей жатыр” деген пікірлер айтыла бастады. Алайда ол отставкаға кетпеді. Керісінше үкіметте кадрлық өзгерістер болды. Ал 2023 жылы наурызда өтетін парламенттік сайлаудан кейін үкіметтің отставкаға кетуі күтілді. Бірақ бұл да жүзеге аспады.




2022 жылы желтоқсанда Смайылов қатты сынға ұшырады. Бұл сынақ екі жыл ішінде оның еңсесін айтарлықтай түсірді. Алайда бұл сәтсіздіктерге Смайылов қана кінәлі емес еді. Бұған біртұтас мемлекеттік жүйе ретінде бүкіл мемлекеттік аппарат пен әкімдер де жауапты болды.



“Бірақ бұл дәстүр Назарбаев тұсынан бері жалғасын тауып келеді. Яғни, премьер-министрді отставкаға жіберу, үкіметтегі кадрлық ауыс-түйістер арқылы әлеуметтік шиеленістің деңгейін төмендетуге тырысады. Осылайша халықты “кінәлі тарапты жазалап, жаңа кандидатты ұсынып жатырмыз” деп жұбатып қоятын”, - деді саясаттанушы.


Досым Сәтпаев жаңа премьер-министрге қатысты жазылып жатқан мақалаларға да назар аударды.




“Иә, мақтауға тұрарлық жан. Ұйымдастырушылық қабілетіне де сенім артуға болады. Алайда бұл қызметке келуі үшін дайындық алдын ала жасалғандай. Бұл өз кезегінде алаңдаушылық тудырады. Өйткені біз Ескі Қазақстанның лебі әлі де есіп тұрғанын көріп отырмыз”, - деді ол.



Саясаттанушы соңғы онжылдықта ешбір премьер-министрдің командасы болмағанын атап өтті. Бұл сәйкесінше кез келген экономикалық жобаны жүзеге асыруда үлкен кедергі келтіретінін жеткізді. Оның ойынша, жаңа премьер-министр де осы мәселе бойынша бұрынғы басшылардың күйін кешуі мүмкін. Себебі оған бірінші кедергі - үкіметте пікірлес адамдар мен реформаторлардың бой көрсетпеуі. Екінші кедергі - аймақтардағы үлкен экономикалық сәтсіздіктер.


"Барлығы қайтадан адамды талқыға салып жатқанын көріп жатырмыз. Бұл - қате көзқарас. Олар адамды емес, бағдарламаны талқылауы қажет. Ол ұсынатын экономикалық модельге назар аудару керек. Өйткені өткен жылы Тоқаев уәде еткен жаңа экономикалық модель ұсынылмады. Ал екінші маңызды мәселе, бізге адамдарды арнайы талқылаудың қажеті жоқ. Біз басқару жүйесін талқылауымыз керек” – дейді Досым Сәтбаев.




Сәтбаевтың айтуынша, Әлихан Смайыловтың тұсында инфляция өсіп, кедейшілік деңгейі артты. Сонымен қатар бюджет тапшылығы да орын алды.



“Осы екі жыл ішінде қалай алып қарасаңыз да барлық жерде сәтсіздіктер болды”, - деп түйіндеді саясаттанушы.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар