16 қыркүйектен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.
ІІМ мәліметінше, қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізілді.
Негізгі өзгерістер:
Адам ұрлау: Бұрын ұрлаған адам жәбірленушіні өз еркімен босатса, жауапкершіліктен құтылуы мүмкін еді. Енді бұл норма алынып тасталды – кінәлі бәрібір жазаланады.
Некеге мәжбүрлеу: Қылмыстық кодекске жаңа бап қосылды. Енді біреуді некеге күштеп үйлендіру – қылмыс.
Жаза түрлері:
- Айыппұл (2000 АЕК-ке дейін),
- Түзеу немесе қоғамдық жұмыстар,
- Бас бостандығын шектеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Егер іс ауыр зардап әкелсе – 5 жылдан 10 жылға дейін, ал зорлық, кәмелетке толмағандарға қатысты немесе қызмет бабын пайдалану жағдайында – одан да қатаң жаза қолданылады.