НАТО іс жүзінде Ресеймен қақтығыс жағдайында тұр. Бұл туралы журналистерге Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«НАТО Ресеймен соғысып жатыр. Бұл айдан анық, бұған ешқандай қосымша дәлелдің қажеті жоқ», – деді Кремль өкілі.
Оның сөзінше, «НАТО бұл соғысқа де-факто араласқан», өйткені ол Украина билігіне тікелей де, жанама да қолдау көрсетіп отыр.