Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Билет бағасы 30 мың - 250 мың: «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

14:52, 15 қыркүйек 2025 86

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті қай күні сатылымға шығатыны белгілі болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Бүгін, 15 қыркүйек күні клуб УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялайды.

«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеті 23 қыркүйек күні Алматы уақытымен 17:00-де клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасында сатылымға шығады. Бір ЖСН бойынша бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де мұқият тексеріледі.

«УЕФА-мен келісілген және барлық ойынға бірыңғай болып белгіленген билеттің бағасы 30 000 теңге мен 250 000 теңге аралығында болады. Баға саясаты турнир талаптарына және Чемпиондар лигасы матчтарын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді», - деп хабарлады клубтың ресми сайты.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар