Бүгіннен бастап Қазақстанда банк картасын немесе оның деректерін бөгде адамдарға берген азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz
ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабына сәйкес, егер азамат өзінің картасын «қосымша табыс» табу үшін пайдалануға берсе, оған айыппұл салу немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бұл шара киберқылмыс пен «дропперлерге» қарсы жүйелі күресті күшейту мақсатында енгізілген.
Дроппер – алаяқтар ұрланған ақшаны шешіп алуға пайдаланатын тұлға. Көбінесе қылмыскерлер осындай делдалдар арқылы ізін жасырады.
– «Азаматтар есте сақтауы тиіс: банк картасын немесе оның деректерін үшінші тұлғаларға беру – қауіпті ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет», – деп ескертті ведомство.