Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бірінші минутта-ақ нокаутпен жеңді»: Төрехан Сабырхан Азия ойындарында жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

10:39, 28 қыркүйек 2026

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында кезекті жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап, ел қоржынына кезекті медальді салды, деп хабарлайды Alash.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандық спортшы ширек финалда Ирак боксшысы Али Касим Хамдан Аль-Сарраймен кездескен болатын. Сабырхан жекпе-жектің бірінші раундының алғашқы минутында-ақ қарсыласын бауырдан жасаған жойқын соққысымен нокаутқа түсірді. Осылайша жартылай финалға сенімді түрде жолдама алған Төрехан Сабырхан Азия ойындарының кем дегенде қола жүлдесін кепілдік алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар