Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жоғары аудиторлық палата Қорғаныс министрлігін тексеруге кірісті

Жоғары аудиторлық палата Қорғаныс министрлігін тексеруге кірісті

Жоғары аудиторлық палата Қорғаныс министрлігіне аудит жүргізуді бастады, деп хабарлайды Alash.kz.

— ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне мемлекеттік аудит жүргізуді бастады, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар