Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі бауырының ұлы шаңырақ көтеріп, әулетке жаңа келін түскенін сүйіншілеп жеткізді.
Әнші қуанышты сәттен бейнежазба жариялап, жас жұбайларға ән арнап, ақ тілегін білдірді.
“Келінжан” әнімен Ақеркедей ақ келінмен анамның немересі Бексұлтан отау құрды, құтты келін болсын, баршаңызға жұғысты болсын!, – деп жазды Мақпал Жүнісова.