Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырауда сарбаз полицейлерге оқ атып, әскерден қашып кеткен

09:50, 09 мамыр 2024 1901

Атырауда биыл әскерге шақырылған сарбаз полицияға оқ атып,қашып кетті.

2024 жылғы 8 мамырда Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі бекітілген қаруды алып, бөлімді өз еркімен тастап кету фактісі тіркелді. Қазіргі уақытта әскери қызметші бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат жария етілмейді, - деп мәлімдеді «Батыс»өңірлік қолбасшылығы Атырау гарнизонының баспасөз қызметі.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, әскери бөлімнен қашқан сарбаз – Көкшетау қаласының тумасы. Ол әскерге биылғы 18 сәуірде шақырылған.

Atyrau Online Telegram-арнасы сарбазды тұтқындамақ болғанда ол қарудан оқ атқанын жазды. Бұдан кейін әскери бөлім қызметкерлері мен полицейлер «Арлан»арнайы жасағы мен ҰҚК қызметкерлерін шақырған. Сарбаздың қолында АК-74 автоматы болған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар