Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақтөбеде танысын бөлшектеп, басын тоңазытқышта сақтаған айуан сотталды

07:24, 11 ақпан 2025 145

Ақтөбеде танысын айуандықпен өлтіргендер сотталды, деп хабарлайды Alash.kz КТКтелеканалына сілтеме жасап хабарлайды.

Сот үкімі бойынша адам өлтіргені үшін біреуі 11 жылға, ал қылмысты жасырғаны үшін екіншісі 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айуандықпен адам өлтіргендерге қатысты сот тез аяқталды. Осыдан екі апта бұрын сотталушылар алқа билердің үкіміне жүгінетін айтқан еді. Сол уақыт аралығында алқа билер мүшесі іріктеліп, жауап алу да жылдам өтті.

Сот басталмай жатып бас бостандығынан айрылғандардың бірінің анасы баласынан безініп кеткенін мәлімдеді. Себебі оның бұрын да осындай сұмдыққа барғанын айтады.

Айта кетерлігі, қанды қылмыс өткен күзде Хромтау қаласында болған. Екі соталушы пышақтап өлтірген адаммен бірге арақ ішеді. Кейін өлі денені кескілеп, қала сыртындағы кен орнына лақтырған. Ал марқұмның басы мен ішкі құрылысын тоңазтқышқа сақтап қойған. Бәрі бұрын істі болып түрмеге отырып шыққандар екен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар