AZAL әуе апатында қаза тапқан және зардап шеккен Әзірбайжанның Загаталы ауданы тұрғындарының фотосуреттері тарады, деп жазады Alash.KZ minval_az телеграм арнасына сілтеп.
"Ақтау қаласында болған AZAL әуе апатының салдарынан қаза тапқан және зардап шеккендер арасында Загаталы ауданының тұрғындары бар екені белгілі болды. Олардың фотосуреттері әлеуметтік желілерде тарала бастады", деп жазды телеграм канал.
Бұл қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызды. Әзербайжанның жергілікті билік органдары және жауапты мекемелер қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуде.
Апаттың себептері туралы толық ақпарат әзірге жарияланған жоқ, алайда тиісті органдар тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.