«Әділет» партиясы әлеуметтік желілерде өз атауын заңсыз пайдаланып жүрген жалған аккаунттар мен парақшалардың анықталғанын хабарлады, деп жазады Alash.kz.
“Аталған аккаунттардың «Әділет» партиясына ешқандай қатысы жоқ екенін ресми мәлімдейміз. Олар арқылы таратылатын кез келген ақпарат шындыққа жанаспайды.Партияның тек ресми ақпарат көздеріне сену керегін еске саламыз: https://www.instagram.com/adilet_partiyasy, t.me/adilet_partiyasy, adilet-partiyasy.kz.Партияның атауы мен рәміздерін заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ жалған ақпарат таратып, азаматтарды жаңылыстырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.Анықталған фактілер бойынша материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.Азаматтардан жеке деректерін бейтаныс адамдарға бермеуді және «Әділет» партиясының ресми байланыс арналарына ғана жүгінуді өтінеміз”,- делінген ресми хабарламада.