Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Аманатқа қиянат жасалмасыншы". Белгілі актер Бекжан Тұрыс Әуезов атындағы театр жайын айтып, шұғыл мәлімдеме жасады

15:50, 18 қыркүйек 2024 1963

Белгілі театр және кино актеры Бекжан Тұрыс Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жағдайын айтып, шұғыл мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Әрбір ұлттың рухани уызы - әдебиеті мен өнері. Аспан астында, жер үстінде өмір барда - өнер бар. Яғни, өнер - өмірдің үзілмес бөлігі. Өнер өзі бірнеше түрге бөлінеді. Соның ішінде театр өнері - cонау ежелден қоғамның дамуына тоқтаусыз араласып келе жатқан көркемдік мекеме. Театр - ұлт мәдениетінің өзегі. Тіл мен дәстүрдің, тәлім мен тағылымның нағыз қайнар көзі. 

Сонымен қатар, белгілі өнер иесі театр жөндеу барысында "аманатқа - қиянат жасалмауын" сұрады:

Мемлекет басшысы Әуезов атындағы театрдың күрделі жөндеуден өтетінін айтқан болатын. "Енді осы екі жылда бұл театр қайда болады" деулеріңіз мүмкін. Сондықтан біз ұлттық өнерді өніктіру үшін, адамзатттық өнерге, үлкен өркениет көшіне қосу үшін театр тұрақты түрде жұмыс істеуі керек. Біздің жұмысымыз мұнымен тоқтап қалмайды, біз осы қаладағы әрбір театрда өнер көрсетеміз. Оны театр сайтынан өздеріңіз көресіздер. Сонымен қатар бізде гастрольдер болып тұрады. Енді бізден өзіміздің бір ғана сұрауымыз бар. Президентіміз аманат еткен театрымызды жөндеуді аманатқа қиянат жасалмай, 100 жылдығымызға дейін аяқтап берсе, біз 100 жылдығымызды осы театрда тойласақ, бас қоссақ деген тек қана арманымыз бар - деді Бекжан Тұрыс. 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар