Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыға жаңа әкім тағайындалған кезде полиция қызметі күшейтілді

14:02, 24 мамыр 2025 326

Алматы қаласының полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшірілді, деп хабарлайды ALASH.KZ порталы.

Қалалық полиция департаменті мәлімде жасады.

"Қаладағы 216 жалпы білім беретін мектептің қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шамамен мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылды. Оқушылардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ювеналдық, патрульдік, криминалдық полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлардан құралған мыңға жуық полиция қызметкері жұмысқа тартылды", – делінген департамент хабарламасында.

Қала мектептерінде соңғы қоңырау мерекесі өтетін болғандықтан күшейтілген режимге өткен.

Балалардың жеке қауіпсіздігімен қатар, мектеп маңында және түлектердің жүретін бағыттарында жол жүру ережелерінің сақталуына ерекше назар аударылып отыр. 

Департамент ата-аналарды және мерекеге қатысушылардың барлығын сақтық шараларын сақтауға, ережелерді бұзбауға және балаларды қауіпке ұшыратпауға шақырды.

Қаланың басты алаңдарында, саябақтарда, скверлерде және халық көп жиналатын демалыс орындарында полицияның қосымша кешенді жасақтары кезекшілік етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар