Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Алла құмар ойыннан сақтасын”: Сәкен Майғазиев Қазақстан халқына шұғыл үндеу жасады (ВИДЕО)

19:02, 02 желтоқсан 2025 200

Сәкен Майғазиев бейнежолдауға қатысты түсінік айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Әнші Сәкен Майғазиев өз атынан жасанды интеллект арқылы тараған жалған бейнежолдауларға қатысты пікір білдірді.

«Жасанды интеллектпен жасалған жалған бейнежолдау! Мен 50 жасқа дейін бәс (ставка) тігіп көрмегем, алдағы қалған өмірімде де бір Алла құмар ойыннан сақтасын! Баршаңызды лудоманияға жоламауға шақырамын», — деді ол.

Өнер иесі өзі туралы жалған контентке сенбеуге және құмар ойындарына жақындамауға үндеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар